АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Анаңа неге қымбат тон мен орамал әпермейсің»: Ләйлә Сұлтанқызы өзіне сын айтқандарға жауап берді (видео)[:]

[:kz]

Ләйлә Сұлтанқызы анасын көрсетті. Тележүргізуші анасымен бірге қыдырды. Алайда желі қолданушыларының сынына ілікті.

Анасымен бірге жүрген Ләйлә Сұлтанқызы желідегі жазылушыларына анасын көрсетті. Видео арқылы шыққан желі қолданушыларының кейбірі «анаңызға неге қымбат тон мен орамал әпермейміз? Киімі қарапайым» деп жатты. Кейіннен тележүргізуші мұның себебін түсіндірді.

«Сұлулық киімде, орамалда емес. Жүректе. Жүрек жақсы болса, орамал да көп, киім де жетер. Ананың бақыты — бала-шағаңның көз алдыңда өсіп, өнгені. Есен-аман өмір сүріп жүргені. Мен бақытты анамын», — дейді  Сұлтақызының анасы. 

 

Енді бірі жақсы тілегін жазып жатты. 

«Сұлу апам аман болсын! Ол кісінің тап-таза кіршіксіз шынайы жүрегін, әділін айтатынын біреу білсе, біреу білмес. Ләйлә осындай анадан туған сен бақыттысың!», — деп жазды Айгүл Елшібаева. 

«Лəйлə, неге ренжисің? Сендей ақылды сұлу қызды дүниеге əкелген анаңа рахмет, сені көріп аннанның қандай адам екенің білуге болады. Мен саған ризамын, сендей болса қызым арманым жоқ шығар», — деп жазды енді бірі.

«Ма ша Аллаh, жүзі қандай жылы апаныздың, нұр шашып тұр, ұрпағыңыздың рахатын көріңіз апа, 100 жасаңыз!», — деді желі қолданушысы. 


Stan.kz 

[:]