АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]»Анасынан аумайды»: Қарақат Әбілдина 10 айлық қызын көрсетті (видео)[:]

[:kz]

 

Қарақат Әбілдина 10 айлық қызын көрсетті. Әнші кенжесінің тұсауын кесуге дайындалып жүргенін айтты, деп жазады Stan.kz.

Төрт ұлды дүниеге әкелген Қарақат қылықты қызды болуды ұзақ жылдар бойы армандады. Ақырында тілегі орындалып, екі бірдей періштенің анасы атанды. Әншінің үлкені бүгінде ер жеткен азамат болса, кенжесі небәрі 10 айлық. 
Әбілдина бұл қызын босанған соң, тоғыз айға жуық елден жырақта, отбасымен Түркияда тұрды. Жақында елге оралған Болмановтар отбасы енді тұсаукесер тойға дайындалуда.

 

«Ботақаным 10 айдан асты, жағалап жүруге талпынып жүр. Апайы 1 жас 6 айында жүргенімен ісі жоқ, сіңілісінің (құсауын) өзім кесемін деп қояды тағы. 
Негізі баланың жылдам жүру-жүрмеуі тұсауын кескен адамға көп байланысты екен. Аяланың кезінде Гүлбаршын тәтесін (жеребий) арқылы өзі таңдап, сөйтіп, қызық болғанда қызымыз ұзақ жүрмей қойған. Оған мен кәдімгідей уайымдадым.

Бірде құдағишама хабарласып, қашан жүргеніңді мамаңнан сұрашы, қызым 1-ден 5 ай асты, әлі жүрмейді дедім. Сұрап білсе, 1 жас 11 айында жүрген екен. Еееее, бәрі өзіңнен екен ғой деп, жүрегіміз орнына түсті. Тәубә, сөйткен Аялекамыз көп сүрінген жоқ, өзінің жолы болғыш-ақ.


Айзонидің тұсауын кесетін уақыт та жақындап қалды. Осы жолы да лайықты деген жандардың есімін қағазға жазып оның ішінде Аяла да бар. Тұсауын кесетін жанды Айзаданың өзіне таңдатсақ дейміз», – деп бөлісті Қарақат. 

Ал желідегілер Қарақат жариялаған видеоға сүйсінді. Айнаға қарауға талпынған сәбидің қылығына тәнті болған желі оқырмандары кенже қыздың Қарақаттың өзіне ұқсағанын жазды. 

«Басқа балаларыңыз Болмановтарға тартып кеткен, тек осы қызыңыз өзіңізге ұқсапты», – дейді оқырмандардың бірі.

 

 

 

[:]