[:kz]
Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамның құтын қашырған кез келген әрекет бұзақылық ретінде қарастырылады. Жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамауда ұстайтын боламыз…»
«Кейінгі уақытта қоғамда жағымсыз тенденция қанат жайып келеді. Оның ішінде жастар арасында өзіне назар аударту үшін түсірілетін ақылға қонымсыз видеолар ғана емес, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын видеолар да TikTok платформасында көбейіп барады. Құрметті жастар және ата-аналар, сіздердің қоғамға келтірген жайсыздықтарыңыз бен жақындарыңызды мазақ ету әрекеттеріңіз жалғаса береді деп ойламаңыздар! Азаматтардың тыныштығын бұзып, қоғамның құтын қашырған кез келген әрекет бұзақылық ретінде қарастырылады. Жаза ретінде 15 тәулікке дейін қамауда ұстайтын боламыз. Тәртіп сақтап, шектен шықпауларыңызды ескертеміз. Заңға қайшы келмеулеріңізді сұраймыз», — деді Өзбекстан ІІМ ақпарат жетекшісі Шохрух Гиясов.
[:]