[:kz]
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы балаларын ұрған ер адамға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
«Бір нәрсеге мән берген жөн. Отбасындағы құқық бұзушылық мәселесі тек қана бір тараптың кінәсінен болмайды. Бұл жағдайда күйеуі ғана қатігез емес, балалардың анасының да кінәсі бар. Ол бірнеше рет шағым түсірген, алайда ресми түрде арыз жазбаған. Заң жүзінде олар ерлі-зайыпты, бірақ қорлық көрсе де, әйел адам ажыраспаған. Заң тұрғысынан бірнеше кемшілік байқалады. Ондай кезде полиция қызметкерлері шарасыз болып қалады. Өйткені, күйеуін әйелдің арызы болмаса, үш сағаттан артық қамауда ұстай алмаймыз», — дейді Тұрғымбаев.
Еске салсақ, Түркістан облысында балаларын аяусыз ұрып соғып жатқан ер азаматтың әрекетті жұртты шошытты. Балалардың анасы шағым түсіріп, ер адамның қамауға алынғаны белгілі болған.
[:]