АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Анджелина Джоли Ирактағы сириялық босқындардың лагеріне барды[:]

[:kz]

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің арнайы елшісі Анджелина Джоли жексенбіде Ирактың солтүстігіндегі сириялық босқындардың лагеріне барды. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Голливуд актрисасы азаматтық соғыстан үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған адамдарға қолдау көрсеткісі келген.

Джоли Сириядан қашқан 33 мың босқын тұратын Домини лагеріне барған.

Ол үш жыл бойы жихадшылардың «халифатына» айналып, Ирак әскері қайтарып алған Мосул қаласына да барды. Мұнда қаланы азат ету кезінде 900 мың тұрғын қаза тапқан.

Джоли Мосулдың батысында тұратын адамдармен кездесіп, қираған көшелерді аралаған. Босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары ұсынған видеоматериалдар мен суреттерді көрген.

Мосулдың батысындағы ескі қала бомбалаудан қирап қалған.

«Мұнда адамдар барын жоғалтқан… Бишара халге түскен, оларда дәрі-дәрмек жоқ, ішетін ауыз су жоқ, – деді Анджелина. – Мен қала түгелімен қалына келеді деп үміттенемін. Халықаралық қауымдастықты Мосулды ұмытпауға шақырамын».

Джоли 2001 жылдан бері БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі басқармасында жұмыс істейді. Ол осыған дейін Ирак, Камбоджа және Кения елдеріне барған. Оның Иракқа бесінші сапары.

Abai.kz

[:]