[:kz]
Еуро-2020-да жеңіліс тапқан Англия құрамасының жанкүйерлері Лондонда жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС-қа сілтеме жасап.
БАҚ мәліметінше, футбол көрсетілімі кезінде жанкүйерлер ән салып, отшашу атып, көңіл көтерген. Алайда Англия құрамасы үшін жеңіліс алып келген пенальти сериясынан кейін олар үйлеріне тарай бастаған. Жол-жөнекей шешуші ойынның нәтижесіне қапалы ағылшындар қаладағы қоқыстарды шаша бастаған. Бұған қоса, олар велосипедтер мен көліктерді сындырған.
Тәртіпсіздіктің алдын алу үшін қала полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеген. Бұзақылық жасаған 45 адам ұсталып, кейбір көшелерде қозғалыс тоқтатылған.
Айта кетсек, 11 шілдеде Еуро-2020 чемпионатының финалында Италия мен Англия Лондондағы «Уэмбли» стадионында бақ сынасты. Негізгі ойын 1:1 есебімен аяқталып, қосымша уақытта ешбір команда гол соға алмады. Ал пенальти сериясында италиялық футболшылар қарсыластарынан мықтырақ екенін көрсетіп, 3:2 есебімен жеңіске жетті.
[:]