АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Англияда бойжеткен аузына бірнеше печенье салып жатып қайтыс болды[:]

[:kz]

Бетан Гэскин есімді Англия тұрғыны бисквит печеньесін жеуден жарысып жатып, қайтыс болды. Бұл туралы Daily Mail басылымына сілтеме жасап, Stan.kz хабарлайды. 

Оқиға Линкольшир графствосы, Бурне қаласында 22 ақпанда орын алды. 24 жастағы қыз өзінің құрбысының сауық кешінде болып, фуд-челленджге қатысу туралы шешім шығарған. Жарыстың шарттары бойынша, қатысушылар ауыздарына сыйғанынша бисквитті печеньелерді салуы керек. 

Жарыс кезінде тамақ Гэскиннің тыныс алатын мүшелерін жауып тастаған екен. Жөтеліп, есінен танып қалған қызды достары ауруханаға алып барды. Ол бес күн бойы жасанды комада жатып, қайтыс болды. Оның өліміне жүрек талмасы және зақымдалған миы себепкер. Гэскиннің артында үш жасар қызы қалды. 

Марқұмның анасы Мишель Гэскин басқа адамдарға фуд-челленджің қандай қауіпті сайыс екенін ескертті. Әлемдегі көптеген адамдар маршмеллоумен осыған ұқсас жарыстар өткізеді. Анасы адамдардың осыған қатысты пікірлерімен танысып шыққан. 

2017 жылы АҚШ-та бәліш жеу жарысында бір азаматтың қайтыс болғаны хабарланды. Ол аузына тамақты сыйдырамын деп қақалып қалған. Жарыстың талаптары бойынша, қатысушылар 80 секундтың ішінде алты бәліш жеу керек. Бәліштердің салмағы — 250 грамм, ал диамтері — 20 сантиметр.

Stan.kz 

 

[:]