[:kz]
Жуырда ғана лоторея ойнатамын деп басы дауға Ернар Айдарды ақтаймын деген, әнші Бүркіттің өзінің ақталуына тура келді. «Жұлдыз» емес, «шегіртке» деген теңеу, ел алдында өнер көрсетіп жүрген көпшілік әншілердің шамына қатты батқан сыңайлы. Тұтқындалған өнердегі інісін қолдап келген әнші Бүркіт пен Айгүл Иманбаева өздері ойнатқан ұтыстардың әділ ұйымдастырылғаны туралы ақталды деп жазады NewsRoom+ақпарат агенттігінің тілшісі.
Бұл туралы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында көрсетілді.
Әншілердің жаппай ұтыстар ойнатып, оңай ақша табуды әдетке айналдырып, халықты алдап жүргенін айтқан кәсіпкер Ахметбек Нұрсиланың «шегірткеге» теңегеніне Бүркіт жауап берді.
«Оңай ақша еш жерде жоқ. Түнімен ән жаздырып, студияда қонып қалған түндеріміз де болды. Бұның бәрі еңбектің арқасы. Ал лоторея ұйымдастырудағы мақсатым, әндерімнің жинағын 10 мың теңгеге сатып, халыққа тапқан табысымды бөліп беру. 10 мың теңгелік дискімді сатып алған адам көлік, үй немесе қаржылай сыйлықтарға ие болуы мүмкін. Лоторея ойнатпасам, дискімді ешкім сатып алмайды»,-деді әнші.
Өз кезегінде әнші Айгүл Иманбаева «әншілер мен халықтың арасына іріткі салып, әншілердің жеккөрінішті етіп көрсетіп жатқан журналисттер» деп кейіді.
«Дина ханым, сізді сыйлаймын. Алайда өзгелердің хайпы үшін, бағдарламаның рейтингі үшін әншілер мен халық арандатып отырсыз. Әнші және актриса ретінде еңбекпен табыс тауып жүрміз. Ол лотореяны ойнатудағы мақсатымыз, еткен еңбегімізді тыңдарманға кеңінен тарату. Яғни әнімізді сатып, табыс табу. Барлығы заң сәйкес жүргізілуде»,-деп ақталды.
Еске сала кетсек, танымал әнші Ернар Айдар желіде лотерея ойнатып, басы дауға қалған болатын. «Алаяқ» ұйымдастырушыларға алданып, әнші куәгер ретінде заң алдында жауап беруіне тура келіп отыр.
[:]