[:kz]
Отандық танымал әнші Еркін Нұржановтың отбасында қуанышты жағдай. Өнер иесі ұлды болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. Қуанышты жаңалықты жұлдызды әкенің өзі Instagram парақшасында бөлісті.
Ол сәбилі болғанын хабарлап, көпшіліктен сүйінші сұрады.
«Ассалаумағалейкум, ағайын! Ұлды болдым! Аллаға сансыз шүкірлер, мақтау-мадақтаулар болсын! Пайғамбарымыз Мұхамедке (с.ғ.с.) салауаттар болсын. Қазағым көбейе берсін. Сіздерге де жұғысты болғай», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары эстрада жұлдызын жарыса құттықтап, оған ақ тілегін білдірді. “Бауы берік болсын! Үлкен азамат болсын”, “Қазақтың баласы болсын”, “Өзіңе тартқан әнші болсын, адам болсын”, “Құттықтаймын, бауырым, қуанышыңа ортақпын”, “Аман-есен болсын, ауырмасын, тіл-көзден аман болсын”, “Қандай жақсы жаңалық”, “Жарыңыз екеуіңізге бақыт, денсаулық, махаббат тілеймін”, “Ер азамат болсын, жақсылығын көрсетсін”, “Бауы берік болсын”, – деп жазды оқырмандар.
[:]