АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Танымал әнші Гауһар Әлімбекова алты жылға бас бостандығынан айырылды[:]

[:kz]

Прокурор соттан әншіні 8 жылға абақтыға жабуды сұраған еді

Бүгін Алматы қаласының Алмалы ауданының соты танымал әнші Гауһар Әлімбекованы алаяқтық үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды 31 арна.
 
Халық ықыласына бөленген әнші құрбысы Бақыт Назаровамен 15 жылдай уақыт дос болған. Гауһар Әлімбекова экс-құрбысынан «Ақкент» тұрғын үй кешенінен үй алып беремін деп 40 мың доллар алған. Алайда не үй әпермеген, не ақшаны қайтармаған.

«Баламның көлігін саттым. Зергерлік бұйымдарды өткіздім. Бірнеше несие алдым. Қателігін мойындап, тәубесіне келетін шығар деп күттім. Бірақ ол кінәсін мойындамады», — деді Бақыт Назарова.

Гауһар Әлімбекова қылмыстық кодекстің 190 бабы «Алаяқтық» бойынша жауапқа тартылды.

Прокурор Дәурен Дүнбаев Әлімбаеваның жазасы толық дәлелденді деп мәлімдеді. Ол әншіні сегіз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

kyn.kz

 

 
 

Сот Гауһар Әлімбекованы алты жылға бас бостандығынан айыру үкімін шығарып, орташа қауіпсіз мекемеде жазасын өтеуге кесті.

Әнші кінәсін мойындамайтынын жеткізді. Сот үкімі 30 қаңтар күні өз күшіне енді.

kyn.kz

 

[:]