[:kz]
Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожа қызының туған күніне орай оған ерекше сыйлық тарту еткен. Өнер иесі перзентінің арманын орындап, оған жаңа көлік сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Роза Әлқожа Instagram парақшасында жазды. Эстрада жұлдызы қызына қымбат сыйлығын табыстаған сәтінен видео жариялап, оқырмандарының назарына ұсынды. Айтуынша, перзенті көлік алуды бұрыннан армандаған. Сол себепті жұлдызды ана қызын оқу бітіруіне орай қуантуды шешкен. «Мен өзі аяқ астынан шешім қабылдап, ол орындалмаса өзін өзі жазалайтын қазақпын ғой!Қызымды қуанту үшін алдында «Көлігімді берейін. Құр жүрме, жүргізушілікті оқып ал. Сосын жақсы жерлерге жақсы көңіл-күймен барасың» дегенмін. Одан соң ол көлікті сататын болып қалдық та, қыздың көңіл-күйі нөлге түсті тағы.
Алда туған күн. Байқасам көліктен басқа сыйлыққа көңілі көншімейді екен. Ал, содан амал жаса! Өзім Еуропадан шамалы суықтап келіп, екі күн үйде жаттым. Одан екі күн Өскеменге жоспарлап қойған. Өзгертейін десем, билет бітіп кеткен! Содан көршім келе қалды. Соған айтып едім «Үйге алаңдама. Бәрін өзім жасаймын, келген қызметкерлерге қараймын» деді. Ремонт жаңа біткен. Сырттағы заттарды кіргізу де оңай болмады.
Жолда жүріп емделіп, жолда жүріп ұйымдастырып, ақыры нәтижеге қол жетті», — деп жазды ол.
[:]