АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Әнші Сейфуллин Жолбарыс Алматының бір дүкенін басына көтеріп, сатушы жігітті боқтап-балағаттап, «ит терісін басына қаптап» жүр. (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Одан әрі ашуға булыққан ол сатушыны «айтуға ауыз ұялатын» боғауыздарымен үсті-үстіне бастырмалатып, төбелесуге дейін барған.

Әнші Сейфуллин Жолбарыс Алматының бір дүкенін басына көтеріп, сатушы жігітті боқтап-балағаттап, «ит терісін басына қаптап» жүр. Онысы хайп па, рас па, белгісіз. Әйтеуір, дүкен жұмысшыларының бірі осы бір оспадарлықты видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желілердің «хитына» айналдырып жіберді.

Видео әншінің салған жерден: «Давай, қазір келем, на х…! Ох ты, бл…ть!.. Ей, ты что, бл…т?!» — деп дауыс көтеруінен басталады. Одан әрі ашуға булыққан ол сатушыны «айтуға ауыз ұялатын» боғауыздарымен үсті-үстіне бастырмалатып, төбелесуге дейін барған.

Дүкен қызметшісі де «ұрып жығамын» дегеннің «жігіттерше» нұсқасын айтқан болуы керек, Сейфуллин Жолбарыс оған: «Сен Сейфуллинді с…м деп отырсың ба?!» — деп еліре түседі. Сондай-ақ, видеоға түсіріп тұрған әйелдің «Ты кто такой вообще?» дегеніне: «Сейфуллин Жолбарыс. Білесің бе? Сейфуллин Жолбарыс! Знаешь да?» — деп дауыс көтеріп тұр.

Иә, нәпақасын мейрамханалардан тауып жүрген әншілердің карантин кезінде той-томалақтан қағылып, жүйкелері сыр бере бастаған сияқты ма, қалай?.. Мына әрекетіне қарағанда, көптен бері көрінбей кеткен Сейфуллин Жолбарыстың өзі «бас жаза алмай» жүрген адамға ұқсайды екен.

Осы видеоны facebook парақшасына жүктеген Сейсенғали Исмағамбетов деген азамат та: «Сейфулин дезинфекцияны мөлшерден көп жасаған сияқты. Тойды жапқан дүкеншілер емес қой. Неге тиіседі?» — деп отыр.

Ерік ЕЛЕУСІЗ

 

 Skifnews.kz ақпарат порталы.

[:]