АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әнші Шаһизаданың жалғыз ұлы екінші рет шаңырақ көтерді (фото)[:]

[:kz]

Отандық танымал әнші Шаһизаданың жалғыз ұлы екінші рет шаңырақ көтерді. Бес ай бұрын ажырасқан Олжастың екі баласы бар деп жазады NUR.KZ.

Ұлы мен Шынар есімді арудың шаңырақ көтергені жайлы әншінің өзі Instagram парақшасында жариялады.

 

«Балаларым айырылысып кеткен. Оны енді жасыратын ештеңесі жоқ. Тағдырдың жазғаны солай болар деп ойлаймын.

Бірақ менің балам екі-үш күн бұрын үйленді. «Үйленуім керек. Анашым, сізді бақытты етуім керек. Қашанғы сіз мен үшін, немелеріңіз үшін жылап жүресіз? Мен келін алып, сізді бақытты етуім керек» деп қоймады.

Екінші келінім жас болғандықтан, көп нәрсені үйрену керек. Әлі жас. «Анашым, мама» деп жаны қалмайды. Енді біраз нәрсеге өзім үйрететін шығармын деп ойлаймын.

Бірінші кездегі қателікті қазір енді жасамаймын. Қазір келінді келіндей жұмсайын деп отырмын. Келін өзінің орнын білу керек. Енесі бар екенін білу керек», — дейді Шаһизада «НТК» арнасының «Ревю» бағдарламасында.

Айта кетейік, Шаһизаданың ұлы мен бірінші келінінен Кәусар атты қызы мен Әлиқожа есімді ұлы бар. Әнші бүгінгі таңда немерелерімен араласып тұрады.

kaz.nur.kz

[:]