[:kz]
Қазақстандық әнші Тамара Асар екінші баласын дүниеге әкелді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Сүйінші жаңалықты әншінің өзі Instagram әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
“Оянып кетіп, төбеге қарап ойланып,өздігімнен күбірлеп,түсімді жори бастадым: Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген , оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда… МЕН ДЕ… ШЫН БА? — дедім де қуанғаннан көзімнен жасым мөлт еткіздім…Өмірге Ажар Жұмашқызы келді. Аллаға шүкір», — деп жазды Тамара Асар.
Бұған дейін Тамара Асар тұрмыс құрған азаматы туралы айтқан болатын.
«Темірден түйін түйген, еңбекқор, ата-бабасы Ресейде туған, өз ата-анасы бақилық болған, өзі өмір көрген, болмысымды құрмет тұтатын Жұмаш деген өзіммен құрдас кәсіпкер азамат маған үйленді. Өзім де іштей «мендей келіншек дәл осы азаматтың шәйін қайнатып, отын тұтатуы керек» деген ойға тоқтадым», — деп жазды әнші
Тамара Асар 1976 жылы Маңғыстау облысы Ақшұқыр ауылында туған. 2014 жылы «Құрмет» орденінің иегері атанды. Әншінің Қамбар атты ұлы бар.
[:]