[:kz]
Алматы қалалық соттың алдына әншілер ойнатқан лотереяға алдандық деген жүз шақты адам әділдік сұрап жиналды. Олар Роза Әлқожаның лотереясына, Ақбота Керімбекованың гивіне, Жазира мен Жанболат жасаған жарнамаға сеніп ақша салып қатысыпты. Кейін не ақшаны, не ұтысты көрмедік, тіпті сыйлықтары да жалған болып шықты дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиналғандархалықты жалпы сомасы 200 миллион теңгеге алдаған Жазира мен Жанболат, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, Ернар Айдар сынды әншілердің әлі бостандықтан жүргеніне наразы.
“Мына Роза Әлқожаның теледидардан ойын ойнатып жатқан соң, ойнына бір үмітім болды да, кішкене ұтып қаламын-ау деген. Апай сіздің ойыныңыз бітті десе, мен түсінер едім. Телефон мүлдем алмайды ғой”, – деді шағымданушы Алмагүл Әскербекқызы.
Ал елді алдаған әншілердің кінәсін дәлелдемек болған адвокат Тілеужан Кішкенебаевты сот лицензиясынан айырды деп отыр. Ал бұған аты аталған әншілер мен мәдениет саласында лауызымды қызметте отырған жұлдыздардың да қатысы барына жиналғандар сенімді.
“Кінәлі деп таныған. Сот үкімімен оған 220 айлық есептік көрсеткіш сомада 499 мың теңге айыппұл салынды. Сонымен қатар, ол адвокаттың қызметі атқарудан үш жылға айырылған болатын”, – деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің басшысы Абай Жарылқасын.
“Алматы қаласы экономикалық тергеу департаменті қылмыстық істі қайта-қайта жауып тастап, әншілерге қатысты ешқандай іс қозғалмағаннан кейін мен тергеушілерді осы Алматы қаласында тергеу соты деген бар, соған шағымданған болатынмын үстерінен. Содан кейін тергеушілер маған қатысты сол Экономикалық тергеу департаменті маған қарсы іс қозғап отыр”, – деді қорғаушы Тілеужан Кішкенбаев.
Жұлдыздар жарнамалаған соң лотерея ойындарына алдандық дегендердің саны күн санап артып, жүзге жетіпті. Ал оларды қорғаймын деп араша түскен адвокаттың өзін лицензиясын айырылған екен. Бірақ қорғаушы бүгін сотқа аппеляция бергенімен сот істі кейінге қалдырыпты.
[:]