АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Ант беремін»: Сиви Махмуди Жанар Хамитованы ұзатпайынша тынбайтынын айтты[:]

[:kz]

Жанар Хамитованы қоластына алған Махмуди ел күтпеген мәлімдеме жасады. Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында Нұржан Керменбаевтың экс-ғашығын өз қолымен ұзататынын айтып, әнші бикештің келешегіне алаңдаған көпшілікке серт берді.   

«Менің жеке тұратын үйім – Жанардың екінші үйі. Жанарды тұрмысқа берген күнге дейін мен қасында боламын. Мен өзім ант беремін және жауаптымын. Жанар қазір жеке өмірін қалыптастыруы керек. Өзінің жеке өмірі бар, балалары бар екен. Мүмкін тұрмысқа шығып қалар жақсы жерге. Жолдасы қарсы бола ма, мүмкін өзі қаржылай қолдай ма, оны уақыт көрсетеді. Бірақ бүгінгі таңда мен қорғанымын. Мен Жанарды тастап кетпеймін. Жанарды аман-есен тұрмысқа беріп, әрі қарай жолдасы маған тапсыра ма, оны алдағы уақытта көреміз», — дейді Сиви.

Жанарға жәрдемін көрсеткен продюсер, тағдырдың тауқыметін тартқан жас ананы жұмысқа да алған-ды. Сивидің бұл шешімін оқыған оқырмандары, Махмұттың қызына алғысын жаудырып жатқан көрінеді.  

«Біріншіден, Жанар екеуміздің ақылдаса келе шешкен шешіміміз. Жанар жариялайық деді, мен де қуана келістім. Екіншіден, халыққа да қызық қой. Қазір Жанар не істеп жүр, сұхбаттан кейін баршасы уайымдап жатыр. Сосын инстаграмға салдық. Бізде бәрі жақсы екенін айттық.

Мен бәріне дайынмын. Жанар не қалайды, қолымнан келгенше әзірмін», — дейді Махмуди.

Осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын Хамитова шоу-бизнеске қадам басқанымен, Сивимен ресми түрде таныспаған екен. Оларды таяуда ортақ достары жүздестірген.  

«Бұрындары 1-2 рет асығыс көріп қалғанмын. Бірақ арнайы таныспағанбыз, жақсы араласпағанбыз шыны керек. Жақынырақ енді танысып жатырмыз. Бір көргеннен кейін, бұрыннан танитын сияқты тез араласып кеттік. Жанар өзіміз сияқты өте ашық қыз екен. Маған қатты ұнады. Бір көргеннен жабысып, бір-бірімізге сырымызды айтып кеттік. Бір-бірімізге бауыр басып жатырмыз. Үш-төрт болды бір-бірімізді іздейміз. Арамыз бір жас. Әпке мен сіңілідей болып кеттік. Жанардың дене бітімі, келбеті еш жері сол күйі өзгермеген. 30 жас мүлдем бермеймін. (Күледі.) Әлі сондай жап-жас! Мінезі де кішкентай қыздар сияқты. Арам ойы жоқ. Басында не тұр, соны айта салады. Жасырып қалу деген жоқ. Сонысы қатты ұнады», — дейді продюсер.

Жуырда Сивидің еліміздің барлық аймағына жоспарланған турнесі басталады. Әнсапарға Жанар Хамитова да аттанбақ екен. Ауқымды шоудың қорытындысы күз мезгілінде Алматыда өтеді.  

«Мен қанша жыл шығармашылық кешімді берген жоқпын. Енді берейін деп жатқанда Жанармен кездестім. Бұл да бұйрық қой. Жеке шығармашылық кешімді бүкіл Қазақстанда ұйымдастырып жатырмыз. Жанарды алып кетейін деп жатырмын. Халыққа қайта көрсетіп, таныстыру ретінде ғой. Жанар қайтадан өнерге қадам басып жатыр, сағынышын бассын деген ой», — дейді Махмуди.

 Stan.kz 

[:]