[:kz]
Антикордың «қызметкері» Каспий жағалауынан жер беруді талап еткен, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы «Zakon.kz»-ке сілтеме жасап.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Нұрбол Кәрімовтің ұсталғанын хабарлады. Ол өзін сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің қызметкерімін деп таныстырып, өз атына жер телімін тіркеуді талап еткен.
«19 мамырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Антикор» қызметкері ретінде өзін таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримов әшкереледі», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.
Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде ауыздықталды.
«Сол күні күдікті ұсталып, Ақтау қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Каримов бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін», — дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі өкілдері.
Осыған ұқсас фактілер бойынша ақпарат болған жағдайда Антикордың мына телефондарына хабарласуға болады: 1424, +7-778-783-93-01.
«Адырна» ұлттық порталы.
[:]