АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Антисептикті бетіне дейін сеуіп алған қырғыз депутаты желіде жұлдыз болды (видео)[:]

[:kz]

 

 

Қырғызстан депутаты Тазабек Икрамов антисептикті бетіне дейін шашамын деп көпшіліктің көңілін көтерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

Бішкекте өткен Жогорку Кеңештің кезектен тыс отырысында премьер-министр қызметіне Садыр Жапаровтың кандидатурасын мақұлдауға жиналған депутаттар арасында Тазабек Икрамов көпшіліктің ерекше назарына іліккен. Депутаттың кездейсоқ камераға түсіп қалған сәтінде антисептикті қолдану әдісі жұрттың таңданысын тудырған. Бұл қызықты жайттың видеосымен Instagram желісінің kaktus__media парақшасы бөлісті. «Депутат Тазабек Икрамов бетіне антисептик шашты.

Бұл жайт Жогорку Кеңеш депутаттарының мемлекеттік резиденциядағы кезектен тыс отырыс кезінде болды. Тазабек Икрамов залалсыздандырғышты қасында отырған адамнан алып, содан кейін оны бетіне себеді. Оның неліктен бұлай жасағаны түсініксіз

.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Действующий депутат Тазабек Икрамов брызнул антисептик себе на лицо. Произошло это во время внеочередного заседания депутатов Жогорку Кенеша в госрезиденции. ⠀ Тазабек Икрамов берет у рядом сидящего человека санитайзер, а после брызгает себе на лицо. Зачем это было сделано, непонятно. Этот момент попал на камеру журналистов.

Публикация от НОВОСТИ БИШКЕК @kaktus__media (@kaktus__media)

Бұл сәтті журналистер камераға түсіріп алды», — деп жазады видеомен бөліскендер. Сол арада желі қолданушылары депутаттың әрекетіне қатысты пікірлерін жаудырды. «Әдеттегідей оның көңіл көтерудегі рөлі ерекше», «Бұл азамат таң қалдыруды доғарар емес», «Коронавирус кет, кет», — деп жазған пікір қалдырушылар. 

Еске салсақ, бұған дейін біз Қырғызстанда Ақ үйдің күл талқаны шыққанына күйінген белсенділер жанайқайын айтқанын жазған болатынбыз. Одан, бөлек Беларусьте тұратын Қырғызстанның бұрынғы президенті Құрманбек Бакиев Бішкек пен Минскідегі наразылық акциясының айырмашылығын айтқан еді. 

 

[:]