АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әнұран орындалған кезде әскерилер қолын қайда қою керектігін білмеді (видео)[:]

[:kz]

 

Желіде Өзбекстандағы іс-шарада орын алған оқиғаның видеосы пайда болды. Онда әскерилер мемлекет әнұранын орындау кезінде қолын қайда қою керектігін білмеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. «9 мамырда еске алу және құрмет күніне арналған іс-шарада Сырдария ауданының әкімі Гофуржон Мирзаев және басқа да шенеуніктер Өзбекстан әнұранына қалай құрмет көрсету керектігін шеше алмады»,  деп жазды Новости Узбекистан Телеграм каналы.

Телеарнаның авторлары түсіндіргендей, Өзбекстанның Мемлекеттік Гимнін көпшілік алдында орындау кезінде жиналғандар гимнді тұрып тыңдайды және оң қолын кеудесінің сол жағына қояды, ал әскери немесе басқа азаматтық адамдар, форма киген қызметкерлер қолдарын бас киімге қояды.

«Адырна» ұлттық порталы

 

[:]