[:kz]
Оооой, әнші байғұстарды да анау дейміз, мынау дейміз. «Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың» деген сөз өз алдына, сахнада неше түрлі жағдаяттарға тап болады ғой. Соның бір-екеуі есіме түсіп кетті. Баяғыда әншілер егіс басына барып концерт беруші еді ғой. Пазик аптобұспен бір ауылдан екінші ауылға барады. О заманның әншілерінде де жан жоқ екен! Айдалада плойка деген, бигуди деген қайдан болсын?! Фэн деген атымен жоқ кез ғой ол. Бағдат апайымыз (Сәмединова) сондай концерттердің бірінде тарақпен орап-орап шашына «бигуди» салыыыыып,, алаңсыыыыыз өз кезегін күтіп тұрған ғой. Содан әлдебір себеппен кезегі ауысып кетеді де, конферансье Бағдат апайдың әнін хабарлап жібереді. Қапелімде не істерін білмей әбден сасқан Бағдат апай «бигудиін» шешем деп шашын әбден ұйпа-тұйпасын шығарып, шатастырып алады. Қанша әуреленсе де тарақты ала алмайды. Сөйтіп, ақыры біраз шашын «шейіт» қылса керек. Ал енді Лашынның Алакөлге барғандағысы тіпті қызық. Түнде жәндік біткеннің бәрі жарыққа қарай ұмтылатын әдеті емес пе?!
«С-е-е-е-е-н-і сағындым» деп аузын аша бергенде тамағына лып етіп бір маса кіреді де кетеді! Анау антұрған не ары кетпейді ,не бері кетпейді дейді. Екі көзден жас парлап жатыр. Не болса да айтып бітіруім керек деп көзімнің жасын сүртіп қойып айта бердім, айта бердім дейді. Фонограмма болғаны мұндай жақсы болар ма? Әйтпесе өлген жерім сол болар еді! Бір кезде ән де бітті-ву әйтеуір! Сахнадан түссем «Не деген керемет ән! Не деген керемет әншісіз! Беееерррріліп тұрып айтады екенсіз!» деп жатқан жұрт дейді.)))) Ал енді тағы бір әншінің историясын айтсам…)))) Аты-жөнін айтпай-ақ қояйын иә))) Ол да далада болған уақиға)))) Сахнаға көтерілер кезде әншілер ұзын көйлегінің етегін көтеріңкіреп шықпай ма? Сөйте бергенде бір ара зу етіп әлгі әншінің көйлегінің астына кіріп кетеді. Әнші байғұс не істесін?! Етегін ары-бері желпіп қойып әнін бастап кеп жібереді. Ана оңбаған арада да ұят жоқ екен!. Екі бұттан дым қалдырмай әбден шағып бітіреді ғой.Әлгі әншінің репертуарындағы сол ән де бір оңбағандай ұзақ ән еді. Ән біткенше екі саннан түк қалдырмайды ғой Бір кезде шағып-шағып әбден масайраған жексұрын ара қонады ғой. Сол кезде әзер шыдап тұрған әнші «Әп бәлем, мінне саған!» деп екі санды қысып кеп жіберіп… Сөйтіп, әнші де есесін жібермей арадан өшіп алыпты.)))) Тағы біреуін айта салайын)))) Әншілердің бір тойдан екінші тойға барып, «кіріп-шығып» жүретінін білесіздер ғой.Солай бір тойдан шығып, екінші тойға кіріп барған әнші қыздарыңыздың бірі өзінен бұрын барып алып, кезегін күтіп отырған әншілерге «жағдайын айтып, жартылығын қойып», тағы бірнеше тойы бар екенін айтып, «без өшірет» «айта салуға» рұқсат сұрайды.Сөйтеді де «Не той? «деп сұрайды ғой. Аналар «Сүндет той» дейді. Содан әншіміз әнінің алдында әлқиссасын бастап, «Кіп-кішкентай балапанды» «еркек» болуымен құттықтап, біраз жақсы сөздер айтады. Аказывается ол сүндет той емес, үлкен бір кісінің мерейтойы екен!))))
Жанар Оразымбет
Фейсбуктегі парақшасынан
alashainasy.kz
[:]