[:kz]
Жақында кесте тігері өмірге келіп, қызды болып жатқан Жазира мен Жанболаттың отбасына қатысты сұрақ қоюшылар саны артты. Желі қолданушылары мен әншілер арасында Жазира бала асырап алды деп айтып жатқандар баршылық.
Бұл туралы НТК арнасының Ревю бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әншілер отбасында қыз баланың өмірге келгені жайлы әншінің әпкесі Ляззат Байырбекова айтты.
22 жылдан соң отбасын толықтырған қыз баланың есімін Дара деп ағасы қойған. Ал, қызды болғанына байланысты Жанболат пен Жазира Жаңа жылдан соң айтамыз деп қысқа қайырды.
Ал, әншінің әпкесі «бастысы — қызды болғаны» дейді.
«Жазира өзі босанды ма, басқаша болды ма ол маңызды емес. Маңыздысы — балалы болып жатқаны. Егжей-тегжейлі өздері айта жатар. Мен ештеңе айта алмаймын. Ал, сәбидің есімін Дара деп өзара ақылдасып қойыпты», — дейді Ляззат Байырбекова.
Бұған дейін Жазира Байырбекова желіде пікір қалдырған еді.
«Отбасымыздағы қуанышымызбен бөлісуге папамыздан бүгін рұқсат алдық!» — деп жазды Байырбекова.
Айта кетейік, Жанболат пен Жазира 22 жыл үзілістен соң қызды болған еді.
[:]