[:kz]
Гауһар Әлімбекова осы күнге дейін сотталып жатқанын жақын туыстарына да айтпаған. Барлығы жаңалықтардан көріп есеңгіреп қалыпты.
Танымал әнші әрі сазгер Гауһар Әлімбекованың сот залынан абақтыға кісен салып жөнелтілгені көпшілікті, әсіресе өнер иесін құрметтейтін халықты есеңгіретіп тастады, деп жазды KYN.KZ.
Қоғам белсенділері мен бұл жағдайға немқұрайлы қарай алмайтындар бірден пікірлерін білдіріп, әншінің туыстарымен хабарласа бастады.
Әлімбекованың сіңлісі әнші бұл оқиғада «құрбан болып тұр, алданып қалды» деп түсіндірген.
«Әншілермен телефон арқылы сөйлесіп, қазір Гауһардың сіңлісінен барлық ақпаратты білуге тырыстым.
Үкім шығып қойыпты.
Гауһардың бүкіл отбасы есеңгіреп отыр екен. Ол ешкімге ештеңе айтпаған. Сотта дәл мынадай болады деп ойламаған да болуы керек. Намыстанған да шығар, кім білсін?!
Себебі, отбасы бейxабар. Бүгін жаңалықтан естіп, есеңгіреп отыр барлығы…
Өмірімде Гауһар Әлімбекованы екі-ақ рет көрдім. Екі бағдарламама келгенде де, жұртты әнімен тамсандырып, жарқырап кеткен еді. «Бибкалап» тұратын жарқын жүзі нұрға төгіліп.
Жазушы Дулат Исабеков: » Мен қатысатын бағдарламаға Гауһар мен Айгүлімді (Үлкенбаева) шақырыңдар. Біреуі гитарасымен, біреуі домбырасымен әнін айтса болды» деген еді.
Мына сұмдықты естіген Дулат аға да есеңгіреп қалған болар…
90 жылдардың аяғында ең керемет әнші — Гауһар болғанын, оның даусының керемет екенін мойындауымыз керек… …сіңлісімен сөйлесіп, жүрегім сыздап ауырып кетті…»,- деп жазды журналист желідегі парақшасында.
[:]