[:kz]
Consolidated Contracting Engineering & Procurement S.A.L. Offshore (ССЕР)» бас директоры Кауаш Хишам жағдайды реттеу үшін Атырауға келді.
Кауаш Хишамның әлеуметтік желілерде жарияланған бейне үндеуінде айтылғандай, ол Теңіз жұмыс кентіндегі ССЕР компаниясының қызметкерлері арасындағы жанжал туралы білген бойда, жағдайды реттеу үшін бірден Атырау облысына келді.
— Қайырлы күн! Мен Эли Даудтың іс-әрекеті үшін барлығынан кешірім сұрағым келеді. ССС басшылығы мен қызметкерлерінің атынан бұл ССС-дің саясатына, құндылықтары мен қағидаттарына сәйкес келмейтін келеңсіз оқиға болғанын айтқым келеді.
Мен осы оқиға туралы білгеннен кейін онымен арадағы келісім-шарт бұзылып, ол жұмыстан босатылды.
Біз осы жағдайға қатысты толық ішкі тергеу жұмыстарын жүргізіп, қажетті шараларды қабылдайтын боламыз. Қолымды жүрегіме қойып, ССС-дің өзінің бауырлас қазақтарға ерекше құрметпен қарайтынын айтқым келеді. Мен болған жәйт үшін тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға туралы естіген бойда дереу Атырауға жағдайды реттеу үшін ұшып шықтым. Бүгінгі таңда Теңіздегі жағдай тұрақты, өлім-жітім, ауыр дене жарақаттары болған жоқ, — деді Кауаш Хишам өзінің бейне үндеуінде.
Атырау обылысының баспасөз қызыметі
[:]