[:kz]
Қызылорда облысында тай адамның айтқанын бұлжытпай орындайды деп хабарлады turkystan.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Бейнежазба авторының айтуынша, бұл Арал өңірінде түсірілген. Иесі жетектеп бара жатқан тайдың аты – Ақтабан. Ақылды түлік кейуананың бар айтқанын орындайды. Тіпті қолынан қант алып, дауыс шығарады. Жылқының бұл қылығы жұртты сүйсінтті. Ал кейбір әлеуметтік желі қолданушылары мұндай құбылыс Аралдағы экологияның әсерінен деп топшылайды.
[:]