АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арбаға таңылған ер адамды автобусқа кіргізуге көмектесуден бас тартқан жүргізуші қазақстандықтарды ашуландырды (видео)[:]

[:kz]

Елордада жарымжан тұрғын автобус жүргізушісінің өзіне көмектесуден бас тартқанын айтты. Оның сөзінше, қоғамдық көлік жүргізушісі өзін мүгедектер арбасында отырғаны үшін автобусқа кіргізбеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Оқиға 24 мамырда кешкі уақытта орын алған. 

Қала тұрғынының айтуына қарағанда, 51-бағыттағы автобус жүргізушісі оны мүгедектер арбасында отырғандықтан, қоғамдық көлікке кіруге көмектесуден бас тартқан. 

«Мен мүгедекпін. Мені кіргізуі керек. Автобустың ішіне қалай кіремін? «Астана LRT» бұл жағдайды бақылауға алып, түзуге уәде берген еді», — дейді Жасұлан Керей есімді тұрғын.

 

Бұл жайт желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Олар автобус жүргізушісін қызметінен босатуын талап етті.

«Біздің қалада мүгедектерге бейімделген автобустар жоқ. Өз басым тек таксимен жүремін», «Жүргізуші нашар адам екен… Ал LRT басшылығы мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қамқорлық танытуы керек. Бұл автобустар мүгедектер арбасына таңылғандарға бейімделген бе?», «Мұндай жүргізушілерді жұмысынан қуу керек. Өзгелерге сабақ болсын», — деп жазды пікір қалдырушылар. 

Өз кезегінде «Астана LRT» компаниясындағылар аталған бағыттағы автобус жүргізушісінің қызметінен босатылғанын айтты. 

«Ол жүргізуші қызметінен босатылды. Келісімшартты бұзу туралы бұйрық шықты», — дейді компанияның ресми өкілі Науат Азанбаев. 

Stan.kz

[:]