АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Арғындар ұлы жүзбен құдаласып жатырмыз ал!»: Жорабаеваның келіні әншінің сүйіктісі туралы айтты[:]

[:kz]

«Жеңешелі болып жатырмын, ал, қыздарым! Қайын әпкем одан бетер жақын болды-ау! Ағамның гүлі болып жүре беріңіз!» — деді Талғат Жорабаевтың келіншегі.

Қазір көпшілік үшін Алтынай Жорабаеваның кімге тұрмысқа шығып жатқаны қызық болып тұр. Ал ол туралы бүгін өзінің келіні, яғни Талғат Жорабаевтың жары Аяулым Жанатова өзінің Instagram парақшасына астарлап жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Көпбалалы әншінің өзіне бұрынғыдан да жақын бола түскенін айтқан келіні оны «әпкетай-жеңешем» деп атады. Себебі, Аяулым Жанатованың руы – Арғын. Алтынай Жорабаеваның жаңа сүйіктісі де Арғынның жігіті екен.

«Әпкетай-Жеңешем, бақытты болыңыздар! Ағам алтын ғой, алтын. Осындай жезде тауып берген сізге Алла разы болсын! Аллаға шүкір етемін. Сіз бақытқа лайықсыз. Жеңешелі болып жатырмын, ал, қыздарым! Қайын әпкем одан бетер жақын болды-ау! Ағамның гүлі болып жүре беріңіз! Арғындар ұлы жүзбен құдаласып жатырмыз ал!» — деп келіні мәз-мейрам.

Ол жазбаның астына Алтынайдың өзі де жауап жазып, жігітті біресе «жезде», біресе «ағам» деп құбылып отырған келінінің «Әпкетай-Жеңешем» деген сөзін «қайын әпке – жеңеше» деп «түзетіп» қойды.

[:]