АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Арқамнан бірдеңе келіп итереді»: Гүлзира Айдарбекова «тәуіптік» қасиеті бар екенін айтты (ВИДЕО)[:]

[:kz]

«Алдыма кішкентай нәрестені алып келгенде, оның түрінен түр қалмай, көзі кіртиіп тұрғанын байқаймын… Еңбегінен қатты сорамын да бетіне түкіремін. Сонымен бала ұйықтап, жазылып кетеді», — дейді «тәуіп» продюсер.

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова «Алматы» телеарнасының «Paparazzi» бағдарламасына берген сұхбатында алғаш рет өзінің тәуіптік қасиеті бар екенін айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бағдарламаның 20:31 уақытынан бастап көрсеңіз, немерелерін ауруханаға апармай-ақ, өзі емдей салатынын жасырмаған «тәуіп» продюсер, әсіресе, балалардың ауырып тұрғанын тез сезе қояды екен.

«Алдыма кішкентай нәрестені алып келгенде, оның түрінен түр қалмай, көзі кіртиіп тұрғанын байқаймын. Балаға не болғанын сұрағанда, анасы іші өтіп, лоқсып, дене қызуы көтеріліп жүргенін айтады. Сосын өзіммен-өзім отырғанда, білмеймін, арқамнан бірдеңе келіп итереді. Толқыныс.

Өзім түсінбей қаламын. Жан-жағыма қараймын, бірақ, отыра алмаймын. Бір жағынан бөпесін алуға ұяламын. Сосын «берші маған» деп қолынан жұлып алғандай боламын. Себебі, жаңағы күш қайтып кетеді. Ол қайтып кетпей тұрғанда баланы қолынан жұлып аламын да, еңбегінен қатты сорып, бетіне түкіремін. Сонымен бала ұйықтап, жазылып кетеді», — дейді жаңа қырынан ашыла бастаған ол.

Оған бойындағы осы бір «тылсым күш» нағашы ата-әжесінен дарыған көрінеді. Бірақ, өзі дәстүрлі емшілік жолды ұстанғысы келмейді.

«Тәуіп болғым келмейді. Қорқамын, кіріп кетпесем екен, ырымдап жүре берсем екен деп ойлаймын. Бойымда бір күш бар екенін сеземін. Оны күйеуім де, бала-шағам да біледі. Өйткені, мен балаларымды, немерелерімді еш уақытта ауруханаға тасымаймын, өзім қолдан емдей саламын», — дейді әйтеуір әр сұхбаты сайын тың бірдеңе айтып жүретін продюсер.

[:]