АЛТЫНОРДА
Жаңалықтар

[:kz]Арон Атабек пен Заманбек Нұрқаділовке «Халық Қаһарманы» атағы берілмек[:]

[:kz]

 

25 қазан күні тәуелсіздіктің отыз жылында елге еңбеuі сіңген азаматтарға “Халық қаһарманы” атағы берілмек. Атап айтқанда Арон Атабек пен Заманбек Нұрқаділовке осы құрмет көрсетіледі. 

Бұл туралы Алматыда өткен баспасөз конференциясын жазушылар мен қоғам белсенділері хабардар етті, деп хабарлайды Malim.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі. 

 

«Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Қыдырәлі Оразұлы Заманбек Нұрқаділов, Алтынбек Сәрсенбаев, Тоқтар Әубәкіров пен Арон Атабекке «Халық Қаһарманы» атағын, Макс Боқаев, Қуат Ахметов пен Руза Бейсембайқызы, Дулат Ағаділге «Халықтың хас батыры» деген атақ берілетінін жеткізді.

Айтуынша, ел азаматтарына мемлекет атынан емес, халық атынан атақ беріп құрмет көрсетпек. Құрметті алаңда көп алдында жарияламақ. 

«Отыз жыл ішінде мемлекет отыз бір азаматқа осы атақты берді. Бірақ халық ол отыздықтан тек Тоқтар Әубәкіровті біледі, басқасын ешкім білмейді. Себебі ол атақты халық берген жоқ. Кезінде Қабанбай мен Бөгенбайға батыр атағын халық өзі берген, сол себептен олар әлі күнге есте тұр. Осылай болмас үшін біз сүйіншімізді сұрай отырып, 25 қазан күні алаңға шығып халық атынан азаматтарға арнайы аталымдар бойынша атақ бермекпіз» — деді қоғам белсендісі Жанат Қазақбай.

Заманбек Нұрқаділов Қазақстан Республикасының мемлекет және қоғам қайраткері, саясаткері.1994 жылдың маусымының соңына дейін сол кездегі Қазақстанның бас қаласы Алматы қаласының бірінші әкімі ретінде қызмет етті. 2005 жылдың 12 қарашасында Заманбек Нұрқаділов өз үйінде денесіндегі атылған үш оғымен өлі күйінде табылды. Екі оқ кеудесіне тиген, біреуі басына тиген. Болған оқиғаның ресми нұсқасы бойынша өз-өзіне қол жұмсаған деп танылды. Алматыдағы «Кеңсай» зиратына жерленген.

Арон Атабек 2006 жылғы “Шаңырақ” оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізді. Құқық қорғаушылар оны “саяси тұтқын” деп таныған.

Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған. 

Қоғам қайраткерінің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет екен. 

[:]