[:kz]
Қоғам қайраткері Арон Атабектің қызы Айдана Айдархан қазақстандықтарға үндеу жариялады. Өз сөзінде ол әкесінің денсаулығы нашар екенін айтып, журналистерден отбасының мазасын алмауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
“Арон Атабекке қазіргі күні бірнеше апта денсаулығының өте нашар екеніне байланысты тыныштық қажет. Пандемия өршіп тұрған кезде, үйге келіп онымен кездесуді сұрап, мазамызды алмауды өтінеміз. Кейбір блогерлер мен журналистер сұхбат алғылары келіп, үздіксіз хабарласып жатыр, бірақ әкеміздің жағдайы дұрысталғанша күте тұрған жөн”, – деп жазады Атабектің қызы.
Еске салсақ, бұған дейін Арон Атабектің жазасы жеңілдетілгені айтылған еді. Ол түрмеден босатылып, қалған мерзім бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырылған.
Қоғам қайраткердің отбасы оны ақтап шығу үшін және жазаны алып тастау үшін ары қарай күресетіндерін жеткізген. Себебі қазіргі күні Атабекке шетелде ем алу қажет, дейді жақындары.
Айта кетсек, түрмеден босатылған Арон Атабек Алматыға ұшып келгені белгілі болған еді.
[:]