АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«Әруақ қысып құлатты»: Сиви Махмуди өзін сыртынан біреу дуалап тастаған айтты[:]

[:kz]

«Зираттарға көп баратын болдым. Өзім баруға жарамасам да, мені көтеріп алып баратын еді», — дейді әнші.

Әнші Сиви Махмуди өзін әруақтар қысып құлатқанын айтады.

Бұл туралы Caravan.kz порталы «Опмай-Опмай» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұзақ уақыт дертке шалдыққан әнші Сиви Махмуди өзін біреулер сыртынан оқытқанын айтады.

«Мен талай ауырдым. Ол кезде өзім түсінген жоқпын не үшін ауырғанымды. Біреулер әруақ қысты, біреулер көз тиді, біреулер оқытып тастаған, — деп әркім әртүрлі айтты.

Бірақ менің ойымша бәрі де бар. Оқытса оқытқан шығар мен оған сенемін. Қызымды босанған соң ауырдым, ал ол күнге дейін мен сүрелерге жақын емес едім. Бірақ құлағаннан кейін, талай емшіге бардым шетелге барып тексеріліп келген кездерім болды. Бірақ менің ауруымды ешкім түсінбеді. Давлением көтеріліп кете береді, жасым болса 25-те. Сөйтсем мені оқытып тастаған екен. Сол кезде білдім ешқандай емшінің пайдасы жоқ екенін.

Ең бірінші сен Алламен тікелей байланыста болу керек екенсің. Құлшылық ету керек екенсің. Құран оқу керек. Сүрелерді оқып бастағаннан кейін менің жолым ашыла бастады. Зираттарға көп баратын болдым. Өзім баруға жарамасам да, мені көтеріп алып баратын еді.

Мен түс көрдім, аян бере бастады. Моланың қасында менің суреттерім толып жатыр, орыстардың моласы екен, қорқынышты таңбалар өте көп. Содан түс жоритын мамандарға бардым, оқығанды қайтаратын адам іздедім сөйтсем расында да өлім болсын деп оқытқан екен. 

40 күн оқыды, жіп байлап қойды маған 40 күнде сол жіп үзілгеннен кейін шүкір деймін аттай болып жазылып кеттім. Содан соң ауырған жоқпын!» — деп өз оқиғасын баяндап берді.

[:]