АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс болды (видео)[:]

[:kz]

Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлім аумағында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Бүгін сағат 09:20-да өрт сөндіру қызметіне Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болып, өртке ұласқаны туралы хабар түскен.

Құтқарушылардың мәліметінше, оқиға орнына Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан 30 адам және 8 өрт сөндіру көлігі аттанды.

Зардап шеккендер туралы әзірге ешқандай мәлімет жоқ.

Желіде куәгерлер түсірген видео жарияланған.

 

 

 

Sputnik

 

 

[:]