[:kz]
Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Арыста эвакуация кезінде егде жастағы әйел адамның көлікке отыруы үшін арқасын тосқан сарбаздың кім екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Сондай-ақ Қалқаманов Бексұлтан Ибадуллаевтан алынған сұқбатты жариялады. Онда сарбаз мән-жайды өзі баяндап берді.
«Біздің негізгі міндетіміз адамдарды құтқару. Жоғары жүрісті техникамен адамдарды қауіпсіз аймаққа көшіру үшін тез әрекет ету керек болды. Сондықтан еңкейіп, арқамды тосып, адамдарды жоғары жүрісті техникаға отырғыздым», — дейді Бексұлтан Ибадуллаев.
Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде әйел адамды көлікке отырғызу үшін арқасын тосқан әскеридің суреті тарап, жұртты сүйіспеншілігіне бөленген болатын.
Бұл фото Instagram-да 56 мың лүпіл мен мыңнан аса жағымды пікір жинаған.
Айта кетейік, Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы өрттің толығымен ауыздықталғанын хабарлады.
[:]