АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Арыста эвакуация кезінде 200-ден астам бала жоғалып кеткен[:]

[:kz]

Арыстағы эвакуация кезінде 212 баланың адасып кеткені белгілі болды. Олардың 177-нің ата-аналары табылып, жеткіншектер отбасыларына оралды. Басқа жоғалып кеткендерді анықтау жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтында жоғалғандардың арнайы тізімі жарияланған деп хабарлайды Астанателеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

Телеарна тілшілері редакцияға уайымға салынған ата-аналардың қоңырау шалғанын жеткізді. Олардың көпшілігі қалада орын алған жантүршігерлік жағдайда балаларының жоғалып кеткенін айтуда.«Менің немере қарындасым жиенін жоғалтып алды. Таңертен оны балабақшаға апарып тастаған. Жарылыстар басталған сәтте, бірден оны алып кетуге барған. Алайда, балабақшаның ішінде ешкім болмады. Ал тәрбиешілер қоңырауға жауап бермеді.

Кейін оларды Шымкентке алып кеткенін білдік. Тәрбиешілер байланысқа шығып, қайда екендерін айтты» , — деді жоғалып кеткен балақайдың әпкесі Гүлжан Нұржанова.

Облыстық әкімдіктің сайтында жоғалып кеткен балалардың тізімдері жарияланған. Оларды іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов 177 бүлдіршін ата-анасымен қауышқанын жеткізді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында хабарлаған.

  

[:]