АЛТЫНОРДА
Сот ісі

[:kz]Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталды [:]

[:kz]

 

Нұр-Сұлтанда бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, Ұлттық музейдің қазіргі басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты іс бойынша тергеу соты басталды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Қалалық соттың хабарлауынша, Ұлттық музей басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының ісі бойынша тергеу соты басталған. Бұған қатысты қандай да бір қосымша ақпарат жарияланған жоқ.

«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің мәліметтері жария етілмейді», — деді қалалық соттың баспасөз қызметінен. Еске сала кетсек, бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалғанын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, қазір Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды адамдарына және басқа да тұлғаларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізуде.

kaz.nur.kz

 

[:]