АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аша Матайдың жанұясы актриса қызды келін қылып түсірді (фото, видео)[:]

[:kz]

Отандық танымал тележүргізуші Аша Матайдың отбасында қуанышты жағдай. Шоу-бизнес жұлдызының туған ағасы Айдар Аскарбек үйіне келін түсірді. Жұлдызды жанұя бір күнде қалыңдыққа сырға салып, беташар рәсімін өткізген деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR,KZ

Фото: Instagram. Коллаж: KAZ.NUR,KZ

Аша Матайдың отбасы көптен күткен келіндерін түсіргені туралы Instagram желісінен белгілі болды. Жұлдызды жанұяның қуанышына ортақтасқан қонақтар мерекелік шара кезінен фото және видеолармен белсенді түрде бөліскен.

Бейнематериалдардан Жарқынай Ханайымға сырға салынып, оның беташар рәсімінен өткенін көруге болады. Жаңадан түскен келінге сырғасын енесі Батес Мұхитденованың өзі таққан.

Құдалардың бас қосуында танымал продюсер Баян Мақсатқызы да болған. Айта кетейік, Алагөзова Аша Матайдың анасының туған сіңлісі болып келеді.

Жас жұбайлар Айдар мен Жарқынай белгілі продюсердің «Рауза» атты телехикаясының түсірілімінде танысқан. Олар екі басты рөлді сомдаған. Сериалда ғашықтарды ойнаған жұптың камера алдындағы махаббаты шынайы өмірде де жалғасқан.

 
 

Айта кетейік, Аша Матайдың ағасы сүйіктісіне үйленуге ұсынысты ғашықтар күнінде жасаған.

 
 

[:]