АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Асхат Тарғын: Роза Рымбаеваға Алла разы болсын. Ол кісіні жақсы көремін[:]

[:kz]

2161Асхат Тарғын өзін сынаған өнердегі әпкесіне жауап берді. Ол Роза Рымбаеваның сыни пікіріне еш ренжімейтінін жеткіздi

Бұл туралы 365info.kz  хабарлайды.

– Роза апайымыз сізді сынығы шыққанша сынады. «Асхат Тарғын деңгейлі әнші емес. Оның өнерге түк қатысы жоқ. Өнерден қуу керек, жою керек» деген секілді пікір білдірді. Бұл сөздермен қаншалықты келісесіз?

– Мен ол кісінің бұлай айтқанын естімеппін. Бәлкім жалған шығар?! «Қуу керек» деп айтпаған шығар деген ойдамын. Ол кісіні жаман ойға қимаймын. Роза ханым – көпті көрген, халықтың еркесі. Әкеміздің қойнында жатып сол кісінің әндерін тыңдайтын едім. Ес білгелі Роза ханымды тыңдап келемін. Біріншіден, жоғарыдағы сөздеріңізге толық сене алмаймын. Екіншіден, әркімнің өз пікірін білдіруге құқығы бар. Роза ханымға Алла разы болсын. Мен бұл сөздері үшін кінәламаймын. Бәрібір ол кісінің әндерін тыңдай беремін. Өйткені мен ол кісіні жақсы көремін… Менің де әндерім халыққа керек шығар. 10 жыл бұрын өзбектің әндеріне биледік. Шымкенттің тойына әртістерді Ташкенттен алдыратынбыз.

Источник: Stan.kz

[:]