АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Әскерден әжетхана арқылы қашыпты[:]

[:kz]

Маңғыстау облысында жүзге тарта адам екінші күн қатарынан қашқын сарбазды іздестіруде. 21 жастағы Сергей Пыхалов дәрігерлік тексеру кезінде әжетханаға сұранып, содан ұшты-күйлі жоғалған

Қазір табан жалтыратқан жігіттің суреттері қоғамдық орындарда ілініп, кең көлемді іздеу шаралары қолға алынған. Одан бөлек, дәл сол әскери бөлімнің тағы бір жауынгері қолы тілім-тілім болған күйі облыстық ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұл жағдайларға қатысты бөлім басшылығы мардымды мәлімет бермей отыр. Белгілісі, екі сарбаз да әскер қатарына бір ай бұрын Қарағанды облысынан шақыртылған. Ал осынша жағдайға себеп болатындай әскерилер арасында ешқандай басараздық жоқ көрінеді. Ауруханаға түскен жігіт болса, қолын дәретханадағы айнадан жарақаттап алыпты. Қазір екі жағдаймен де әскери прокуратура айналысып жатыр.

— Кезегі келгенде жетекшісі оны дәретханаға дейін ертіп апарған. Одан әрі қажетін өтеп, жуынып жатқан. Шамамен бір минуттан кейін жетекшісі есік ашқанда көргені мынау. Қабырғадағы айна құлаған, ол ұстап қалам дегенде қолын кесіп кеткен,- дейді 6656 әскери бөлімінің взвод командирі Төлеген Бахтинов.

 

[:]