АЛТЫНОРДА
Ақорда жаңалықтары

[:kz]«Ассамблея керек емес дейсіздер ме? Ол керек!» — Майя Бекбаева (ВИДЕО)[:]

[:kz]

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының бұрынғы орынбасары, журналист Майя Бекбаева бір жылдан астам уақыт істеген жұмысына қорытынды жасап, өзіне есеп берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ол Instagram-дағы парақшасында Ассамблеяда Төрағаның орынбасары деген қызмет орнының жыл сайын өзгеріп отыратынын, осы уақыт ішінде Қазақстанның барлық жерін аралап, халықтың жағдайымен танысып шыққанын, қай жерде болса да еңбекқор адамдармен кездесіп, солардың өмірге, айналамызда болып жатқан өзгерістерге немқұрайлы қарамайтынына көз жеткізгенін атап өтті.

Одан кейін М.Бекбаева Қазақстан халқы Ассамблеясына қатысты айтылып жатқан неше түрлі пікірлерге жауап беріп,  ойын ашық  айтты.

«Қазір Ассамблея туралы көп адамның оның қажет еместігін, оны таратып жіберу керек деген теріс пікірлерін естіп те, оқып та жүрмін. Мен Ассамблеяда бір жылдан артық уақыт істеп, оның ішкі асханасын білгеннен кейін мына нәрсені айтқым келеді. Ассамблея керек емес дейсіздер ме? Ол керек! Бізге Ассамблея керек! Оның қоғамдық институт ретінде жұмысы көрінбей жатыр. Иә, ол зауыт салмайды, мұнай өндірмейді, қылмыскерді ұстамайды, егін екпейді. Бірақ, қазір біздің бәріміздің ашық аспан астында өмір сүріп жатқанымыз, ол – осы Ассамблеяның арқасы», – деді ол.

Оның Instagram-дағы жазбасына кейбір адамдар келіссе, кейбірі келіспей, нақты фактіге сүйеніп, пікірлер қалдырып жатыр. Оларға Майя Бекбаева жауап бермеген. Мысалы, «Неге Ассамблея Зюганов, Никонов, Федоров, енді міне, Кеосаянның аузына келгендерін айтқандарына жауап бермейді?», – деген сұрағына журналист жауап жазбаған.

 

 

[:]