АЛТЫНОРДА
Новости

Астана – Азиядағы туризм қаласына айналуы мүмкін

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz – Астана жақын жылдары Азиядағы туризм қаласы мәртебесін алу үшін қолдан келгенінше жұмыс жасайды. Бұл туралы ҚР ИЖТМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев мәлім етті.

Индустрия және туризм министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Марат Иғалиев Манама және Бахрейн қалаларында өткен азиялық диалог бойынша 12-министрлік кездесуіне қатысты.

Шара барысында «Азиялық туризмді дамыту тұжырымдамасы» қабылданды. Тұжырымдаманың негізгі пункті азиядағы туризм қаласын таңдау, дейді баспасөз қызметінің мамандары.

2014 жылы туризм қаласы ретінде Бахрейннің – Манама қаласы таңдап алынды. Мұндай мәртебе жеңімпаз қалаға тек 1 жылға ғана беріліп, келесі жылы жеңген қалаға ауысып отырады.

http://baq.kz/kk/news/41067