[:kz]
Елорданың ескі теміржол вокзалының атауы өзгертілді. Енді оның ресми атауы «Астана» емес, «Нұр-Сұлтан». Вокзал атауын өзгерту жөніндегі қаулыны үкімет 2019 жылдың екінші сәуірінде қабылдаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото:welcometoastana.kz/astana_typical
Кириллицамен жазылған «Астана» жазбасының орнында енді латын әліпбиімен жазылған «Нұр-Сұлтан жазуы» пайда болды.
Фото Instagram-дағы astana_typical паблигінде жарияланған.
Вокзал атауын өзгерту туралы қаулы ИИДМ сайтында екінші сәуір күні шыққан. Бүгіннен бастап ол өз күшіне енді.
«Қазақстан Республикасының үкіметі «Астана» теміржол вокзалын «Нұр-Сұлтан теміржол вокзалы» деп өзгертуді қаулы етеді», — деп жазылды министрлік сайтында.
[:]