[:kz]
Нұр-Сұлтан тұрғыны Юрий Толочко резеңкеден жасалған қуыршақ қызға үйлену туралы ұсыныс жасады. Олардың «кездесіп жүргендеріне» жарты жыл болған деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ерекше жұп кафеге, кино мен мейрамханаларға жиі барып тұрады екен. Жігіттің айтуынша, жұрт оларды әр жерде әртүрлі қабылдайды.
Мамандығы бойынша режиссер, 34 жастағы Юрий Толочко «болашақ жарын» қолында көтеріп жүреді. Оған қамқорлық көрсетіп, тірі жан ретінде қарайды екен.
Юрийдің айтуынша, күндіз екеуі де өз тірліктерімен айналысады. Өзі актерлық шеберлік сабақтарын өткізіп, режессурамен айналысса, оның «қалыңдығы» астаналық клубтардың бірінде хостес (қонақтарды күтіп алумен айналысатын компанияның/мекеменің бет-бейнесі) болып жұмыс жасайды екен.
Бірнеше күн бұрын Юрий ғашығы «Маргоға» сөз салыпты. Үйлену туралы ұсыныс білдірген романтикалық видеосын жігіт өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
А. Ткаличева
[:]