АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада 21 мың теңге жәрдемақы алуға асыққан аналар ЦОН-да ұзын-сонар кезекке тұрды[:]

[:kz]

«Көпбалалы отбасыларға 21 мың теңге жәрдемақы беріледі» дегенді естіген астаналық ата-аналар жұмыспен қамту орталығына қарай ағылып жатыр. Уәде етілген жәрдемақы парламентте бекітілген соң, оның шілде айынан бастап берілетініне қарамастан кейбір тұрғындар осы орталыққа кешеден келіп жүр деп хабарлайды КТК арнасы.

Тұрғындар бума-бума құжатын арқалап, тіпті жұмыстан сұранып келіп жатқандарын айтты.

«Мен кеше таңертең осы жерге келдім. Кезекке тұрдым. Түске дейін тұрдым. 1-де түскі астары басталады екен. Ақыры келмеді кезегім. Жұмыстан сұранып келгем. Күтіп, күтіп ақыры кетіп қалдым», — дейді Астана тұрғыны Қайрат Бекболат.

Бірақ 21 мың теңге бәріне барлығына бірдей бұйырмайтыны тағы да айтылды. Алдымен 4 перзенті бар  шаңыраққа кіретін табыс көлемі есептеледі. Егер ортақ табыс отбасы мүшелерінің әрқайсысына 20 мың 789 теңгеден төмен болса, мемлекет уәделі көмекті көрсетеді.

Ал шенеуніктер жұмыспен қамту орталығына ағылғандарды сабырға шақыруда. Өйткені 21 мың жәрдемақы 5 айдан соң, яғни  шілде айынан ғана беріле бастайды.

«Біздің Елбасының айтқан тапсырмасы шілде айында келеді. Сондықтани шілдеде шешіледі бұл мәселе. Ал, қазір біздің ескі ережелер бар. Сол ережелер бойынша келіп жатқан халықты әлеуметтік көмек бойынша қабылдаймыз», — дейді «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директоры Абай Баймолдин.

[:]