АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанадағы «адам саудасы»[:]

[:kz]

Дәл осы көріністі көріп жүргеніме бірнеше апта болған. Күнде жұмыстан қайтқан кезде осылай топырлаған адамдар тұрады. Бір-екі рет сұрағанымда «жұмыс істеуге тұрмыз» дегеннен арыға бармаған еді. Бүгін аранйы сұрастырып көруге тура келді.

Ел ішінде толық пайдалануға берілмей жатып-ақ «Талан-тараж» аталып кеткен мына ғимарат Астананың ажарына сән берген әсем құрылыстың бірі. Бірақ мына адамдар осы әсем ғимараттың ішінде бір кешке бола төленетін 5000 теңге үшін ьаласқа түседі.

Иә, рас, кім нәпақасын қайдан табады, ол өз шаруасы. Бірақ, жалдамалы жұмыс үшін басынан ұрып, шекесінен шертіп таңдап алады бұл жерде жұмысқа.

Ғимараттың ішінде тазалау жұмыстарын жүргізетін қыз-келіншектер күндіз әр түрлі жұмыстар істейді. Кешкі уақытты пайдаланып, осылай ақша табады. Бірақ…

Бірақ, ол ақшаны «жолбикелер» арқылы алады. Иә, компания (атын айтпады қандай компания екенін) тазалық жұмыстарын жасайтын адам табуды әлдекімдерге тапсырған. Солар компанияға мынадай өрімдей қыздар мен тепсе темір үзер жігіттерді жинап береді. Ақшаны компания сол «посредниктерге» береді. Оның да көлемі күмәнсіз.

«Кей күндері 150-200 адамға дейін кезекте тұрамыз. Бүгін қайта аз екен. Ақшамызды (5000 теңге) қолма-қол береді. Басқасында біздің шатағымыз жоқ» — дейді кезекте тұрғандардың бірі.

Осы жерде мәдениетті түрде адам саудасымен айналысып жүрген «жолбикенің» бірімен тілдесудің сәті түсті.

«Құрылыстың сырты біткен, ішінде түрлі әрлеу жұмыстары, тазалау секілді ұсақ-түйек жұмыстар қалған, соған мына кісілерді ерікті түрде аламыз. Бір кешке ақысын төлейміз де, қайтарамыз» — дейді өз аты-жөнін айтудан бас тартқан жас қыз.

Астананың қапқ ортасында елдің көзінше адам саудасымен айналысып жатқандарға құзырлы мекемелер шара қолданар деген ойдамыз.

baq.kz

[:]