АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанадағы қайғылы оқиға: Бес қыздың ата-анасы жауапқа тартыла ма[:]

[:kz]

ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильин Астанадағы қайғылы оқиға үшін ата-аналарды жауапқа тарту мәселесі туралы айтып берді. Бүгін түнде болған өрт кезінде бес бала қаза болды. Олардың ата-аналары түнгі жұмысқа шығып кеткен, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әрине, бұл жерде балаларды қараусыз қалдыру мәселесі бар. Аталған бап қылмыстық жауапкершіліктің бірі ретінде қарастырылады. Енді, оны тергеу органдары мен соттың шешімі көрсетеді. Негізі, жазғы уақытта балаларды қараусыз қалдырғанда біреуі суға батып кетеді және тағысын тағы. Сонда бала қайтыс болса, ата-аналарды жауапқа тартады. Өйткені бұл жерде бала үшін жауапкершілік мәселесі бар. Ал бүгін түнде болған қайғылы оқиғада бір емес, бес бірдей бала қайтыс болды. Сол себепті жауапкершілікті тергеу органдары мен сот анықтайды», — деді Ю.Ильин Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Айта кетейік, бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Астанадағы қайғылы оқиғаның мән-жайын түсіндірді.

Тергеу материалдарына сәйкес, үйдің отағасын түнгі уақытта жұмыс берушісі шақырып алды.

Вице-министр Юрий Ильин бес баланың өмірін жалмап кеткен өрттің алдын ала себебін де жариялады.

Бұдан бөлек, министрлік пеші бар әрбір үйге арнайы датчик орнатуға кеңес берді.

 Alashainasy.kz 

[:]