[:kz]
Ресейлік «Новая Газета» басылымы қазақ ақыны, қайраткер Олжас Сүлейменовтің пікірін әлеуметтік желіде жариялады. Ақпарат агенттігінің өкілі Александр Алексин өзінің Facebook-парақшасында Сүлейменовтің Қазақстандағы саяси жағдайларға қатысты айтқан сөзін көпшілікке ұсынған деп хабарлайды qonaev.info ақпараттық порталы
Ақынның айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілердегі фэйк-каналдар оның атынан түрлі мәлімдемелер жасап жүр екен. Мәселен, «Олжас Сүлейменов Nur Otan партиясының съезінде сөз сөйледі», «О.Сүлейменов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанды құтқарып қалғаны үшін Батыр атағын беруді ұсыныпты» деген жалған ақпараттар тараған-мыс. Алайда, олардың бірде-бірі қайраткердің аузынан шықпаған.
«Мен ешқашан Nur Otan партиясының мүшесі болған емеспін. Өзімнің бірде-бір материалымда астананы «Нұр-Сұлтан» деп атамағам, Фурманов көшесін жаңа атауымен атамағам. Қаңтар айында болған оқиғаларға қатысты пікірімді міндетті түрде өзім айтатын боламын, бірақ фэйк-каналдар арқылы емес», — депті Олжас Сүлейменов ресейлік БАҚ-қа берген пікірінде.
[:]