АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]»Асыраңдар онда»: Шымкентте үй талап еткен ана балаларын әкімдікке қалдырып кетті[:]

[:kz]

 

 

 Шымкент қаласында көпбалалы ана балаларын әкімдіктің ғимаратында қалдырып кеткен. Бұл әрекетімен әйел адам жергілікті атқарушы органдар назарын аударып, әлеуметтік мәселелерін шешіп беруді талап еткен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
Көрнекі сурет: pinterest.com

Көрнекі сурет: pinterest.com

Жас шамасы бес пен жеті арасындағы ұл мен қыз тәртіп сақшылары аналарын ертіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізгенге дейін әкімдікте болған. 40-тан асқан Г. есімді келіншек төрт баланы жалғыз өзі асырап келеді.

Перзенттерінің төртеуі де кәмелетке толмаған. Көпбалалы отбасының басында тұрақты баспанасы да жоқ. Анықталғандай, жалғызбасты ана төрт баласымен пәтер жалдап тұрып жатыр. Ол пәтер ақысы мен күнделікті азық-түлік алуға ақша жеткізе алмай қиналып жүрген көрінеді.

Осы секілді мәселелерін айтып, ол шарасыздықтан Абай аудандық әкімдігіне келген. Билік өкілдері көпбалалы ананың мәселелеріне әбден қанық екендігін айтады.

«Көпбалалы ана мемелекет тарапынан тағайындалған әлеуметтік төлем алуда. Яғни 21 мыңға қол жеткізген. Тағайындалған қаржының бір бөлігін алған. Пәтер жалдап тұрғандықтан«тұрғын үй беріңдер» деп талап қойды. Тұрғын-үй инспекциясына барыңыз, кезекке тұрыңыз дедік.

«Кезексіз үй беріңдер» деп талап қойды. «Асыраңдар онда» деп екі баласын қалдырып кетті. Аудандық полиция бөліміндегілер әйелді ертіп әкеп, әкімдіктің қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде анасы балаларын алып кетті», — дейді Абай ауданының әкімі Б. Парманов.

  

[:]