[:kz]
Ерлі-зайыпты Жазира мен Жанболат бұған дейін араға 22 жыл салып, қызды болғандарын жария еткен. Алайда бұл жайт өнер адамдарының ойын сан-саққа жүгіртті, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Біз той-томалақта Жазирамен кездесіп тұрамыз. Сәлеміміз түзу. Бірақ Жазираның аяғы ауыр болған жоқ. Аяғы ауыр адамның іші шығып тұрады ғой Аша Матай сияқты. Енді өзім асырап алған шығар деп ойладым», — деді Түсіпбаева Show бағдарламасына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, бұған дейін Жазира қызымен түскен суретін желіге жариялап, сүйінші хабарды кеш жеткізгенін жазған болатын. Сәбидің есімін ағасы Дара деп қойған екен.
[:]