АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Ата-аналары жазаланады: Шатырда ойнаған балаларды полиция тауып алды[:]

[:kz]

Алматы облысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйдің төбесінде ойнаған балалардың кім екенін анықтады деп жазады Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

 
 

крыша

Видеодан алынған кадр: instagram.com/dorogi_almaty_official

Белгілі болғандай, оқиға Қаскелеңде орын алған. Балалар шатырға подъездегі тордың үлкен ұяшықтары арқылы кіріпті.

8 бен 11 жас аралығындағы жеті баланың ата-аналарына әкімшілік жаза қолданылады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін желіде Алматы облысындағы биік үйлердің бірінің шатырында отырған балалардың видеосы пайда болған еді.

Сондай-ақ, Алматы қаласында 10-шы қабаттың балконында аяқтарын салбыратып отырған балалардың фотосы пайда болғанын жазған едік.

Балконда қараусыз жүрген балалардың ата-аналарына айыппұл салынғанболатын.

[:]