[:kz]
Атышулы «Бір болайық» бағдарламасының тікелей эфирі кезінде аса әсерлі сәт орын алды. Студияға жоба жүргізуші Анна Данченконың анасы қоңырау шалып, журналист көзіне еріксіз жас алған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Белгілі болғандай, Анна Данченконың анасы бағдарламаға алғыс айту күні хабарласып, қызына жүрекжарды тілегін арнаған.
Эфир кезінде жақын адамының қоңырау шалатынын күтпеген журналист анасының сөздерінен кейін көзіне жас алған. Тележүргізуші бұл әсерлі сәт жайлы Instagram парақшасында да айтып берген. Ақпарат өкілінің сөзінше, ол ата-анасын бір жылдай уақыт көрмеген.
Сол себепті, тікелей эфирде оларға деген сағынышы сыртқа шығып, журналист жылап жіберген. Ол коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі салдарынан ата-анасына бара алмай жүргенін айтты.
« Бізге хабарласқан көрермен бар» деп айтқан кезімде анашымның дауысын естимін деп ойлаған жоқпын.
Сасқанымнан амандаспаппын да. Тамағымда тас тұрғандай сөйлеуге де шашам болмады. Алматыға қоныс аударғаныма 10 болды. Бір туысым да жоқ. Қиын. Ата-анамды көрмегеніме 1 жылдан асты. Карантин деп олар келе алмады. Аылға барайын десем, құдай сақтасын, кім біледі, жолда ауырып қалып оларға жұғып кетсе деп тағы уайымдаймын.
Қатты сағындым. Күтпеген тосын сый болды.
Күнделікті сөйлесіп жүрсем де, эфир барысында хабарласады деп ойламаппын. Көз жасыма ерік бердім. Ренжімеңіздер! Жұмыстамын, эмоцияға жол бермеу керектігін жақсы білем, бірақ сағыныштан жүрегім жарылып, анашымның тілегін естіген кезде өз-өзімді ұстау қиынға соқты. Ата-Аналарыңызды ренжітпей, бар кезде бағалаңыздар! Амандық тіледім барлықтарыңызға» , — деп жазды Анна Данченко.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
[:]