[:kz]
Жақында Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек
фото kznews.kz
Атамбаевтың Мәскеуге сапары және онда Ресей президентімен
кездескені белгілі болды. Кездесу нәтижесі бойынша Владимир Путин мәлімдеме жасады деп хабарлайды Кремльдің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Сондай-ақ Путин Алмазбек Атамбаевпен не жайлы сөйлескендерін де айтып берді. Ол Қырғызстан халқы бірігіп, қазіргі президент Сооронбай Жээнбековті қолдау керек деген пікірін ортаға салған.
Айта кетейік, Алмазбек Атамбаев Мәскеуге 24 шілде күні ұшып кеткен еді. Ол онда бірнеше маңызды кездесулері барын, оның ішінде, лауазымы жоғары тұлғалармен кездесуі барын мәлім еткен болатын.
Ал осыдан бір ай бұрын бұрынғы президент жеке басына қол сұқпаушылық мәртебесінен айырылған еді.
[:]